Еуразиялық одақ шеңберінде құрылатын ортақ газ нарығы тарифке қалай әсер етеді?

4 Ақпан 2021, 20:13
1260
Бөлісу:
Еуразиялық одақ шеңберінде құрылатын ортақ газ нарығы тарифке қалай әсер етеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде пайда болатын ортақ газ нарығы тасымалдау тарифіне   қалай әсер етеді? Бұл сауалға «Еуразиялық экономикалық интеграция: азаматтар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» брифингінде Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі Эмиль Кайкиев жауап берді. 

Оның айтуынша, дәл қазір нақты баға туралы айту мүмкін емес. Бүгінгі күні ортақ газ нарығын құру жөнінде бағдарлама бар. 

Соған сәйкес газ тасымалдау жөніндегі келісім нарықтық баға бойынша жасалуы тиіс. Алайда екі жақты халықаралық келісімдерді ескермегенде.  Мысалы, газ тасымалы жөнінде келісім жасаған екі мемлекет бар делік, ол халықаралық келісім болады. Оның шаруашылық субъектілер екінші шаруашылық субъектімен келісімді жүзеге асыру үшін тағы келісім жасайды, - деді ол.

Оның айтуынша, бұдан бөлек биржалық келісімдер, тікелей келісімдер мен халықаралық келісімдерді жүзеге асыратын шаруашылық субъектілер арасындағы екі жақты келісімдер болады. 

Әзірге газды тасымалдауға арналған тарифті бекітудің нақты механизмі жоқ. Қазіргі күні ортақ газ нарығы туралы халықаралық келісімдерге дайындық жүргізілуде. Сол келісім аясында газ тасымалы тарифінің принципі де бекітіледі, - деді ол. 

Оның айтуынша, аталмыш келісім келесі жылға жоспарланған. Ал күшіне тек 2025 жылдығ 1 қаңтарында енеді.

Өзгелердің жаңалығы