Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Етпен айналысатын кәсіпорындарға 44 млрд теңге беріледі

13 Тамыз 2025, 16:28
684
Бөлісу:
 коллаж agroinfo.kz
Фото: коллаж agroinfo.kz

Қазақстанда етті мал шаруашылығын дамыту жолға қойылып, жеңілдікпен несие беру іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, етті мал шаруашылығын дамыту үшін 50 млрд теңге көлемінде 5% мөлшерлемемен айналым қаражатын жеңілдікпен несиелеу іске қосылды. Сондай-ақ өткен жылдан бастап қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын несиелеу жұмыс істейді. Жыл соңына дейін бұл мақсаттарға "таза" 5%-ға 44 млрд теңге бағытталады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің қосылған құнын арттырады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Белгілі болғандай, аталған шаралардың барлығы АӨК-тегі жалпы қосылған құнның өсуі мен жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін тұрақты алғышарттар қалыптастырады.

Президенттің "Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауы бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде тауарлық кредит тетігі енгізілуде-орта және ірі бизнес ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы, отырғызу материалын және басқа да ресурстарды шағын фермерлер мен аз қамтылған ауыл тұрғындарына кепілсіз береді. Қазірдің өзінде 8,2 мыңнан астам мал, 300-ден астам жылқы, 5,8 мың құс 400-ден астам отбасына берілді. Шағын несиелеу және лизинг ережелері бекітіліп, ауыл тұрғындарын оқыту бағдарламасы жұмыс істейді, - деді Серік Жұманғарин.

Еске салсақ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, Қазақстанда жарты жыл ішінде "Бәйтерек" қоры кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетті

Өзгелердің жаңалығы