Этносаралық қатынастар тақырыбын қалай жазу керек?

30 Қыркүйек 2022, 18:54
4240
Бөлісу:
Этносаралық қатынастар тақырыбын қалай жазу керек?
Фото: автордан

«Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті. Отырыста этносаралық қатынастар саласын ақпараттық сүйемелдеудің өзекті мәселелері жөнінде айтты, деп хабарлайды Шымкент қаласындағы BAQ.KZ тілшісі.

27-28 қыркүйекте өткен көшпелі отырысқа ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, „Қоғамдық келісім“ РММ өкілдері, ақпарат агенттіктері мен сайттардың басшылары, тілшілері, мобилографтар және этноБАҚ өкілдері, Қазақстанның түкпір-түкпірінен „Қоғамдық келісім“ КММ басшылары мен баспасөз қызметкерлері қатысты.

Отырыста ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің Әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттық-түсінідру жұмысы жөніндегі басқарма басшысы Айзада Мукужанова сөз сөйлеп, этносаралық қатынастар саласындағы терминологияларды қолдану туралы айтты.

Этносаралық қатынастар тақырыбын қалай жазу керек?

Бұл — этносаралық қатынастар саласын нығайтуға арналған өте маңызды іс-шара. Сондықтан бұл іс-шараға өте үлкен мән береміз. Бұқаралық ақпарат құралдары этносаралық қатынастарды нығайтуда, қоғам басын біріктіруде, ішкі саяси тұрақтылықты қалыптастыруда рөлі өте ерекше. Біз жұмысымызда әлеуметтік зерттеулер жүргіземіз. Халықаралық сарапшыларды шақырамыз. Журналистерге арналған нұсқаулықтар дайындап, таратамыз. Сондай-ақ, этноБАҚ-тармен жұмыс істейміз. Атап айтар болсақ, этноБАҚ-та қазақ тіліндегі айдарлар ашу жөнінде бастама көтердік. Бірнеше жыл бұрын басталып кетті. Бізде 50-ден астам этноБАҚ бар. Солардың барлығы қайта тіркеуден өтіп, газеттерінде қазақ тіліндегі арнайы айдар ашып алды. Осылайша, қазақ тілін дамытуға үлес қоса аламыз. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде көптеген жетістікке жетеміз, — дейді Айзада Мукужанова.

Оның сөзінше, этносаралық қатынастар саласына қатысты ақпарат таратқанда мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен журналистердің рөлі ерекше. Қоғам санасын қалыптастыруда, қоғамдық пікірді қалыптастыруда рөліңіз айрықша.

Сондықтан БАҚ өкілдеріне, журналистерге, баспасөз хатшыларына өте үлкен үміт артамыз. Бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Өзіміз тарапымыздан барлық қажетті әдістемелік құралдарды, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеп, сіздерге көмек көрсетуге дайынбыз. Халыққа шынайы ақпарат, объектив ақпарат, тексерілген ақпарат таратуға шақырамыз. Өйткені, ішкі саяси тұрақтылық саласы өте нәзік сала. Ал этносаралық қатынастар саласы бұдан да нәзік. Қазақстанымыз — жалпы 100-ден аса этнос өкілдері тұратын, бірлігі бекем, тыныштық ұялаған мемлекет боп қалыптастық, — деді АҚДМ өкілі.

Ол этносаралық қатынастар саласындағы негізгі ұғымдарды пайдаланудың ережелеріне тоқтал өтті.

Этносаралық қатынастар тақырыбын қалай жазу керек?

Мысалы, „этносаралық қақтығыстар“ деген тіркесті қолдану қате саналады. Зерттеулерімізге сәйкес, этносаралық қақтығыс тіркесіне анықтама беретін болсақ, бұл қандай да бір этностың басқа бір этноспен өзара қақтығысуын айтамыз. Ал бұл Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған және болуы мүмкін емес. Себебі, қазақ халқының, қоғамымыздың менталитетін алып қарасақ, жалпы қазақ халқы берекелі, қолы ашық, қонақжай халық. Қазақ халқының өте позитив образы қалыптасты. Ал енді келіп, „этносаралық қақтығыс“ деген тұжырым біздің образымызға, қазақ халқының образына қарама-қайшы келеді. Осыны түсіну керек, — дейді Айзада Мукужанова.

Айтуынша, әр халықта бір не бірнеше жаман адам болуы мүмкін. А қазіргі әлеуметтік желілер заманында неше түрлі арандатушылар, хейтерлер болады екен.

Мәселен, тіл мәселесіне келейік: „Тіл патрульдері“ күштеп, „сен неге қазақ тілін білмейсің“ деп, осы күштеу насихаттау болып, бұл деструктивті жол және бұл этносаралық қатынастарымыздың нығаюына әкелмейтінін әрқайсымыз түсінетін болармыз. Қазақ тіліне, еліне, жеріне жаны ашитын адам мұндай деструктив жолды пайдаланбайды, деп ойлаймын. Себебі, қазақ тілін таратудың көптеген бейбіт жолдары бар. Бұл қазақ тіліне деген шынайы сүйіспеншілік, қазақ жеріне, қазақ халқына деген шынайы махаббаттан өседі. Сондықтан әрқайсымыз хейтерлерге еріп кетпей, тек шынайы, тек объектив ақпарат берумен, тек қана әдеппен, әдеп жолымен түсіндіруіміз керек. Тек солай ғана ішкі саяси тұрақтылығымызды сақтап қаламыз, — дейді Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілі.

Айтуынша, негізі барлық қақтығыс тұрмыстық және криминиалды тұрғыда пайда болады екен. Өйткені түпкілікті негізінде тұрмыстық жағдайлар жатады.

Этносаралық қатынастар тақырыбын қалай жазу керек?

Кез келген қақтығысты алып қарасаңыз, шығу себебінде этностық негіз жоқ. Сосын хейтерлер, арандатушылар „ооо, этносаралық қақтығыс екен“ деп шыға келеді. Оқиғаның ішінде элемент бар екенін біле тұра, осы тақырыпты күштеп тарата бастайды. Бірақ, қоғамның бір бөлігі ақпарат жеткіліксіздігінен, ақпарат жетіспеушілігінен, не болмаса, өзінің қандай да бір ішкі ұстанымына қарап, соған сеніп кетуі мүмкін. Сондықтан бұған жол бермеуіміз керек. „Диаспора“, „халықтар“ деген сөздерді қолданбаймыз. Қазір халқымыздың бірлігі ажырамауы керек. Үлкен мақсаттарға тек қана бірігіп қана жете аламыз. Сондықтан осы ұстанымымызды жоғалтпай, одан әрі мемлекетімізді дамыту үшін, мемлекетіміздің тұғырын биік ұстау үшін жалған ақпарат таралуына жол бермеуіміз керек. Және, қоғамды сол бағытта кетуіне барынша күш салайық, — деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен келген спикер.

Айта кетейік, ҚХА Журналистер клубының мақсаты — этносаралық келісім мен бірлікті нығайту бағытында жазатын, ақпарат тарататын журналистер, сарапшылар мен блогерлердің күшін біріктіру.

Отырыс кезінде этносаралық қатынастар мәселесі туралы дұрыс жазу, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Жиын аяқталған соң қатысушыларға сертификат берді.

Өзгелердің жаңалығы