Этнос өкілдері тәртіпсіздіктерге қатысқан жоқ – Марат Әзілханов

18 Қаңтар 2022, 15:59
1366
Бөлісу:
Этнос өкілдері тәртіпсіздіктерге қатысқан жоқ – Марат Әзілханов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық дөңгелек үстелінің отырысында ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елдегі тәртіпсіздікке этнос өкілдері қатыспағанын айтты.

Бейбіт наразылық форматында көрсетілген азаматтардың заңды талаптарына қатысты Президенттің ұстанымын қолдай отырып, Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер, Қазақстанның түрлі этностары антимемлекеттік және Конституцияға қарсы зорлық-зомбылық Террористік акцияларына қатысуға шақыруды үзілді-кесілді қолдамады. Қазақстан этностарының өкілдері заңсыз әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысқан жоқ, - деп айтты ол.

Оның сөзінше, ақпараттық арандатушылардың орасан зор моральдық-психологиялық қысымына қарамастан, барлық қазақстандық этнос конституциялық бірлік пен келісім қағидаттарын ұстанып, нағыз қазақы патриотизмді көрсетті.

Осы күндері байланыстың жоқтығына қарамастан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚХА, ЭМБ, ҚХА республикалық және өңірлік қоғамдық құрылымдары қалың бұқараға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мен Ассамблеяның барлық мүшелеріне патриоттық сезімдері, азаматтық борыштарын сезініп, ел Конституциясына адалдықтары үшін алғыс айтқым келеді, - деп атап өтті Марат Әзілханов.

ҚХА төрағасының орынбасары атап өткендей, ҚХА бүгінде қайғылы оқиғалардың зардаптарын жоюға белсенді атсалысуда. Өңірлерде волонтерлік науқандар өткізіліп жатыр. Халықтың зардап шеккен және әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін қайырымдылық қаражатын жинауға көмектесіп келеді.

Ол «Жастар ассамблеясының» жұмысын ерекше атап өтті. Ассамблея жастары бақылау-өткізу бекеттеріндегі тәртіп сақшылары мен көше тазалаумен айналысатын коммуналдық қызмет қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырды. Өңірлерде еріктілер зардап шеккендерге қан тапсырды. ҚХА волонтерлері Ұлттық волонтерлік желінің барлық акцияларына қосылды.

Өзгелердің жаңалығы