Этникалық көші-қон мәселелері талқыланды

31 Шілде 2023, 13:24
950
Бөлісу:
Этникалық көші-қон мәселелері талқыланды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп еліміздегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен мансаптық орталықтардың өкілдерімен көші-қонды реттеу мәселелері бойынша онлайн-талқылаулар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында қандас мәртебесін беру, ұзарту және СІМ шет елдердегі мекемелері арқылы «Ата жолы» картасын алу бөлігінде «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде функционалмен жұмыс алгоритмі көрсетілді.

Сонымен қатар, экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру мәселелері қаралды.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Көші-қон комитеті қосымша қарауды және шешім қабылдауды талап ететін ұсыныстар мен мәселелердің тізбесін қалыптастырды.

Алдағы уақытта көші-қон, Әлеуметтік кодексті іске асыру және т. б. мәселелері бойынша осындай талқылаулар өткізу жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы