Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ет бағасы қымбаттауы мүмкін бе?
Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жауап берді.
Мал шаруашылығымен айналысатын тауар өндірушілермен кездескен кезде олардың бәрі бір ғана мәселені көтеріп отыр. Фермерлер еттің сатып алу бағалары өте төмен дейді. Тірі баспен алып, салмағын өлшегенде 700-800 теңгеден аспайды деп отыр. Сол себепті мал шаруашылғындағы мәселе етті сатып алудағы бағаның төмен болуы. Баға сауда жүйелерінде қалыптасады. Қазіргі таңда еттің бағасы тұрақты. Биыл ет өндірудің көлемі мен мал басыда өсіп жатыр. Сол себепті тәуекелдер жоқ деп санаймыз, - деді Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ет бағасының өсуіне еш негіз жоқ екенін атап өтті.
Дегенмен делдалдар туралы айтып кеткеніміз жөн. Өйткені бүгінгі күні тауар өндіруші фермерлерден еттің бағасы орташа есептегенде 900 теңгеден алынады. Ал нарыққа жеткенше монополиялар басқа делдалдар арқылы баға өсіп отыр. Бұл жағынан министрлік тиісті жұмысты істеп жатырмыз. Нарық иелеріне жауапкершілік арттыру жағынан заңнамалық өзгерістерді енгізіп отырмыз. Және де жергіліктіі органдармен бірлесіп, кішігірім сауда-дүкендерінде бақылау жүргізілуде, - деді Бақыт Сұлтанов.