Мемлекеттік Дума Эстонияны БҰҰ-дан шығаруды ұсынды

5 Сәуір 2019, 12:49
2832
Бөлісу:
Мемлекеттік Дума Эстонияны БҰҰ-дан шығаруды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік думаның білім және ғылым комитеті жөніндегі төрағасының орынбасары Борис Чернышов БҰҰ бас хатшысы Антон Гутеррешке Эстонияны Бүкіләлемдік ұйымнан шығару туралы өтініш жолдады.

РИА Новостидің хабарлауынша, оған Эстония президенті Керсти Кальюлайдтың орыс тілі эстон тілі мен мәдениетіне қауіп төндіреді деп айтқан сөзі себеп болған.

"Сізден Эстонияны Біріккен Ұлттар Ұйымының тізімінен алып тастауды сұраймыз. Себебі ол елдің басшылығы орыс тілді халықтың құқықтарын бұзғанынан бөлек, әлемде фашизмнің өршуіне және орыс тілді халықтың геноцидіне себепші болды", - деді Борис Чернышов хатында. 

Бүгінде Эстониядағы орыс тілді мектептер мен гимназияларда бірнеше сабақ эстон тілінде жүреді екен. Басылымның мәліметінше, Эстонияда орыс тілінде білім алуға болатын 74 мектеп бар.

Өзгелердің жаңалығы