Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тоомас Тирс Алматыдағы Бітімгершілік дайындық орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Орталық бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин делегация мүшелеріне мекеменің құрылу тарихы, олардың жүзеге асырып жатқан оқу бағдарламалары, сондай-ақ бітімгершілік және тілдік дайындық саласындағы басым жобалар жөнінде айтып берді.
Дипломатиялық корпус өкілдері Қазақстан Қарулы күштері бітімгершілік бөлімшелерінің әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру шеңберінде қарқынды түрде өткізілетін тілдік дайындық сабақтарына қатысты.
Тоомас Тирс ұлттық мүддеде де, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия өңірінің мүддесінде де бұл орталықтың атқаратын қызметі маңызды екенін тілге тиек етті.