Ескі көліктерді қабылдау уақытша тоқтатылады

20 Желтоқсан 2020, 15:30
2034
Бөлісу:
Ескі көліктерді қабылдау уақытша тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 желтоқсаннан бастап ескі көліктерді қабылдау уақытша тоқтатылады.

Құрметті автокөлік иелері, істен шыққан 40 мың бірлік техниканы жоюға қабылдау бойынша жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалды. Сондықтан ескі көліктерді қабылдау бекеттерінің жұмыс кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлаймыз. 2020 жылдың 23 желтоқсанда Қазақстанның 17 өңіріндегі ескі көліктерді қабылдау бекеттері тозығы жеткен жеңіл, жолаушылар және жүк көлігін қабылдауды аяқтайды. Автокөлік иелерінің өтініштері электрондық кезекке сәйкес сағат 17.00-ге дейін өңделетін болады, -делінген ӨКМ операторы таратқан баспасөз хабарламада.

2020 жылдың 24-31 желтоқсан аралығында қабылдау бекеттерінде жиналған техниканы сығымдау және Қарағанды облысындағы кәдеге жарату зауытына тасымалдау процесіне дайындау жүзеге асырылатын болады. 

Сондай-ақ істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қабылдауға квота толық игерілілді.  5 қараша мен 15 желтоқсан аралығында кәдеге жаратуға 100 трактор мен 20 комбайн қабылданды. Ескі техниканы тапсыруды ынталандыру бағдарламасы келесі жылы жалғасатын болады. Тозығы жеткен көлік құралдарын 2021 жылы қабылдау бойынша бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы қосымша ақпарат сайттың «Компания жаңалықтары» бөлімінде жарияланатын болады,- делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы