Найзағай, дауыл, бұршақ: Екі облыс тұрғындарына ескерту жасалды

22 Тамыз 2020, 15:10
2379
Бөлісу:
Найзағай, дауыл, бұршақ: Екі облыс тұрғындарына ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері екі облыста дауылды ескерту жасады.

23 тамызда Қарағанды облысында түнде кей жерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда түнде және таңертең 23 тамызда тұман күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-75%.

23 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде екпіні 15-20 м/с күтіледі, - делінген таратылған ақпаратта.

Петропавлда 23 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.


Өзгелердің жаңалығы