Синоптиктер бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады

24 Қаңтар 2020, 14:57
1442
Бөлісу:
Синоптиктер бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері  ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жасады.

25 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

25 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетпек.

25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашын, көбінесе қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Өскемен қаласында 25 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семей қаласында 25 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с жетеді.



Өзгелердің жаңалығы