Алматы, BAQ.KZ. 20 ақпан күні кешкі уақыттан бастап Алматы қаласында бір жарым тәулік бойы қар жауады деп күтілуде, оның арты көк тайғаққа ұласады.
Қаланың Жасыл экономика басқармасы осыған орай тұрғындарға сақтық шараларын қабылдауды сұрайды.
«Көк тайғақтың алдын алу мақсатында кешкі уақыттан бастап 160 құм шашқыш көлік кезекшілікпен жұмыс атқарады. Қарды жинау, тазалау жұмыстарына 860 бірлік арнайы техника және 2 800 жұмысшы жұмылдырылатын болады»,-делінген хабарламада.
Жолдарда мұз қатуы мүмкін, сондықтан автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілеріне жолда жүргенде абай болған жөн.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасалғанын және алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.