Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейі ер адамның эскалатордан құлап қалуының алдын алды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Патрульдік-посттық қызметінен Маңғыстау станциясындағы ЖПб көші-қон полициясы тобының инспекторы А.Қуанышев Ақтау қаласының халықаралық әуежайы ғимаратында патрульдеу кезінде эскалатормен көтерілген ер адамның құлап кетуінің алдын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға 9 шілдеде болған", - делінген хабарламада.
Медициналық тексеру қорытындысына сәйкес, Алматы облысының тұрғыны, яғни 61 жастағы ер адамның «жеңіл дәрежедегі» масаң күйде болғаны анықталды.
Бұдан соң, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен, яғни көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 2,5 АЕК (6312 теңге) көлемінде айыппұл салынды.