Есірткіге мас күйде болған: Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісі ұсталды

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

 Polisia.kz Бүгiн 2026, 21:50
Бүгiн 2026, 21:50
128
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында патрульдік полиция қызметкерлері есірткіге мас күйде ауыр жүк көлігін басқарған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Астана – Петропавл республикалық автожолында болған. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында полицейлер DAF маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде 36 жастағы жүргізушінің мінез-құлқы күдік тудырып, ол медициналық куәландырудан өткізілді. Сараптама нәтижесінде ер адамның психостимуляторлық заттарды қолданғаны анықталды.

Белгілі болғандай, жүргізуші Петропавл қаласынан Макинскке бағыт алған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай жағдайда бірнеше тонналық көлікті басқару аса қауіпті. Бұл ауыр жол-көлік оқиғаларына әкеліп, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі мүмкін.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік мас күйде басқару – өрескел құқықбұзушылық екенін және мұндай фактілер құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін ескертті.

Наверх