Есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды

22 Қазан 2024, 11:10
588
Бөлісу:
Есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды
VIDEO
Фото: Арман Мухатов архив

Ақмола облысының мамандандырылған сотының үкімімен Ерейментау қаласының шетіндегі жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратураның хабарлауынша, жоғарыда аталып кеткен топ кейіннен Астана аумағында сату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін іске асыруды көздеген.

Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында Украина мен Молдова азаматтары болған. Оларды ұстау кезінде қылмыс орнынан 10 келі мефедрон мен 17 келіден астам прекурсорлар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды, - делінген хабарламада.

Қылмыскерлер синтетикалық есірткіні қатаң құпиялылықта жасаған. Үй онлайн режимінде деректерді ұйымдастырушыға жіберетін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, ал шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін гараж жалға алынған.

Қылмыстық істі Ерейментау ауданының прокуратурасы сотқа жолдау барысында аталған тұлғалардың әрекеті трансұлттық ұйымдасқан топ ретінде сараланған. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді. Ұйымдастырушы 23 жылға, ал сыбайластары 22 жылға мүлкі тәркілене отырып, бас бостандықтарынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - деп хабарлады Бас прокуратурадан.

Үкім заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы