Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. “Өрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Петропавл қалалық Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлері 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан бір келіден астам марихуана алынды.
Алынған ораманы ұсталған адамның бір реттік пайдаланатын 200 дозаға бөліп салмақшы болғаны анықталды.Қалалық полицияға Петропавл қаласының бір тұрғыны есірткі өткізумен айналысуы мүмкін деген хабарлама келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде есірткі қылмысына күдікті бұрын сотталмаған 34 жастағы петропавлдық ұсталды. Тұрғылықты жерін тексеру барысында ұсталғаннан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған орама табылды. Сонымен қатар буып-түю материалдары алынды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы бір келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды - деп жазады polisia.kz/ сайты.
Оның айтуынша, жыл басынан облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністері 162 есірткі қылмысын анықтаған, оның 60-ы қылмыс, соның ішінде 33-і өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 328 түрлі есірткі заттары, оның ішінде 369 грамм героин алынды. Қылмыстық жауапкершілікке 69 адам тартылды. “Өрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы облыс аумағында қыркүйектің 14-і мен 18-і аралығында өтті.Қазіргі уақытта аталған факті ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.