Есірткі тасымалы үшін қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады - полиция

14 Қараша 2023, 17:58
1221
Бөлісу:
Есірткі тасымалы үшін қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады - полиция
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Бүгін полицейлер Астана медицина университетінің І-ІІ курс студенттеріне нашақорлықтың алдын алу, лудомания тақырыптары аясында дәріс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ жаңа оқу жылында бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сабақтар өткізіп жатқанын бұған дейін жазған болатынбыз. Бұл – ІІМ-нің BAQ.KZ-пен бірлескен жобасы.

Осымен қатарынан екінші жыл өткізіліп келе жатқан қауіпсіздік сабақтары бүгінде оқушылар мен студенттердің арасында құқықбұзудың алдын алуда ақпараттық-танымдық бағдар беретін, құқықтық түсіндіру жүргізетін маңызды іс-шаралардың біріне айналып отыр.

Есірткі тасымалы үшін қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады - полиция

Осы ретте бүгін ІІМ-нің ұйымдастыруымен Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов студенттерге есірткінің зиянды екенін, оның тарататқандар жауапқа тартылатынын айтты. Дәріске университеттің І-ІІ курс студенттері қатысты.

Қазіргі қоғамның ең маңызды мәселесі – нашақорлық және есірткінің таралуы. Мемлекет басшысы өз Жолдауында да синтетикалық есірткілерді тұтынудың өсуі ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін айтқан болатын. Осы ретте бүгін өздеріңізге нашақорлықтың, есірткінің зиянды екенін айтып, дәріс оқуға, әңгімелесуге келдік, - деді полицей.

Бақытжан Әмірханов бүгін елімізде статистикалық деректерге сәйкес, 18 243 адам есірткіге тәуелді екенін айтты. Сөзінше, олардың шамамен 1 300-і әйелдер, 100-і кәмелетке толмағандар.

 

Есірткі тасымалы үшін қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады - полиция

Есірткі – жол емес, ақырет екенін тағы бір рет еске салғым келеді! Көптеген жас есірткіні бір рет қолданса, жаман ештеңе болмайды деп сенеді. Сонымен қатар олар бұл заң тұрғысынан мүлдем қауіпсіз және мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік жоқ деп ойлайды. Бұл пікір қате! Препаратты бір рет қолдану арқылы адам өзін өте ауыр жазаға ұшырату қаупіне тап болып, заң бұзады, сонымен қатар өзінің болашағына қауіп төндіреді. Кәмелетке толмағандар өздерін тасымалдаушы ретінде пайдаланатын есірткі сатушылардың оңай нысанасына айналып жатыр. Соның салдарынан бар жауапкершілікті сезінбей, жеңіл ақшаға алданып, есірткі тасымалдаушы, таратушы ретінде ұсталып жатыр. Мысалы, бүгін ғана БҚО басшысы облысында 17 жастағы мектепте оқитын оқушы қыз ұсталғанын мәлімдеді, - деп айтты ол.

Полицейдің сөзінше, мұндай кәсіппен айналысатын кәмелетке толмағандарды полицейлер 2-3 ай ішінде ұстайды және мұндай кәсіпті өз қалауымен тастап кету мүмкін емес.

Бақытжан Әмірханов жасөспірімдерді мұндай бизнеске есірткі сатумен айналысатындар интернет желілерінде «куратор» немесе басқа да атаумен «көп ақша табасың, сені ешкім жауапқа тартпайды» деп алдап-арбап, заңсыз жолға түсіретінін жеткізді.

Есірткі тасымалы үшін қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады - полиция

Есірткі тасымалы үшін қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылатынын еске сала кетейік.

Дәрілік заттарды өндіру, сақтау, сатып алу, табылған дәрілік заттарды иемдену немесе кез келген дәрілік заттарды, тіпті дәріханаларда сатылатындарды сақтау (соның ішінде уақытша) қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыстар үшін жаза адам өлтіргені үшін тағайындалған жазадан асып түседі және 7 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Есірткі тасымалы үшін қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады - полиция

Бұған дейін ІІМ-нің ұйымдастыруымен Астана қаласы Полиция департаменті М. Сәдуақасов атындағы №3 мектеп гимназиясында «Нашақорлықтың алдын алу және оның зардабы» тақырыбында профилактикалық сабақ өткізген болатын. 

Сонымен бірге елордадағы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері құқықбұзушылықтың алдын алу жайлы мамандардың дәрісін тыңдады. 

Өзгелердің жаңалығы