Есірткі саудасына жастар көптеп тартылып жатыр - ПД

22 Шілде 2022, 16:40
1480
Бөлісу:
Есірткі саудасына жастар көптеп тартылып жатыр - ПД
Фото: Егемен Қазақстан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы Полиция департаменті есірткі саудасы туралы мәлімдеме жасады.

Есірткі қылмысына жастар көбірек тартылып жатқанын мәлімдеген тәртіп сақшылары дабыл қағып отыр. Жастардың көпшілігі есірткіні қолдану мен таратудың салдары туралы ойланбайды екен.

Есірткі сатылатын сайттардың мекенжайлары көрсетілген трафареттік жарнаманы қолдану арқылы ақша табуға тырысатындар жастар көрінеді, сондай-ақ есірткіні жасырын жерге қойып кету заң бойынша жазаланбайды деп ойлайды.

Бұл екеуінің де қылмыс екенін және Қылмыстық кодекстің нормаларымен реттелетінін жауапкершілікпен мәлімдеймін. Есірткі және психотроптық заттарды жарнамалағаны үшін заң шығарушы 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ал есірткіні жасырын жерге қойып кеткендігі үшін 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Өз болашағыңызды құртпаңыз! Біреудің тағдырын талқандауға үлес қоспаңыздар, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы