Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы есірткі сатумен айналысып келген қылмыстық топты әшкереледі. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласында “гашиш” есірткісін сатумен және таратумен айналысқан жеті адамнан тұратын топ ұсталған.
А. есімді азамат Алматы аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтау мен сату мақсатында 2018 жылдың қарашасынан 2020 жылдың ақпанына дейін ұйымдасқан топ құрып, оған жетекшілік еткен. Аталған факт бойынша қылмыстық ұйымның ұйымдасқан тобын құру және басқару, сондай-ақ оларға қатысу, қылмыстық істері ҚР ҚҚ-нің 262 бабының 1 және 2 бөлігі бойынша тіркелді. Ұсталғандардан бір травматикалық тапанша, бір тегіс ұңғылы мылтық, жалпы салмағы 4 кг 868,38 гр болатын “гашиш” есірткі заты тәркіленді, – дейді Алматы ПД-нің Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.