Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Есірткі өткізумен айналысқан үш азаматқа сот үкімі шықты

22 Сәуір 2025, 14:02
493
Бөлісу:
 ҰҚК
Фото: ҰҚК

Биыл сәуірде есірткі өткізуді деген айыппен Қазақстанның үш азаматына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК сілтеме жасап.

Олар Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

Атап айтқанда, ҰҚК қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен оның екі сыбайласын ұстады. Тінту кезінде 4 кг «мефедрон», 14 г кокаин, 500 г ауған гашиші, 15 г кетамин және 200 марка «LSD» тәркіленген. Тергеу барысында сотталғандардың интернет-алаңы арқылы Қарағанды, Астана және Ақтөбе қалаларына аймақаралық есірткі жеткізуді ұйымдастырғанын анықтады. Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда, - деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.
 

Өзгелердің жаңалығы