Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз Тәуелсіздік алғаш жылдан бастап есірткі қылмысымен күресіп келеді. Осы мақсатта жыл сайын «Мак», «Көкнар», «Қарасора» атауларымен операциялар жүргізіледі. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция полковнигі Ерлан Омарбеков елдегі есірткімен күрес қалай жұмысы жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.
- Мемлекет басшысы есірткінің жаңа түрлерімен күрес мәселелерін халыққа Жолдауында мемлекеттік басқару органдарының басым міндеттерінің бірі ретінде айқындады. Соңғы жылдары елдегі, сондай-ақ бүкіл әлемдегі есірткі ахуалы елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл «дәстүрлі» есірткінің орнына жаңа психоактивті заттардың келуімен байланысты.
Олар есірткінің басқа түрлерінен салыстырмалы арзандығымен, психотроптық әсерімен және тәуелділіктің тез қалыптасуымен ерекшеленеді.
Елдегі есірткі ахуалын талдауды негізге ала отырып, құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасасуда, жаңа психобелсенді заттарды бақылауға енгізу тетігін оңайлату жөнінде бірқатар заңнамалық бастама іске асырылды, оларды жарнамалау мен интернет арқылы тарату үшін жауапкершілік күшейтілді.
Мәселен, былтырғы жылдың 10 қаңтарынан бастап есірткі қылмыстары үшін қылмыстық заңнамаға «электрондық коммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып» деген жаңа саралау белгісі енгізілді. Бұл құрам бірқатар бап бойынша қарастырылған:
- есірткі сату;
- оларды жасауға қажетті құрамдардың айналымы;
- электрондық коммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, есірткіні тұтынуға тарту.
Бұл қылмыстар бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімдері белгілене отырып, ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылды.
Осы жылдың басынан бастап ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, есірткіні өткізудің 77-ден астам фактісінің жолы кесілді.
Есірткіні жарнамалау және насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Осы бап бойынша жаза 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Қазіргі уақытта өндірісте осындай 90 қылмыстық іс бар.Есірткіге қарсы заңнаманың күшеюімен, есірткіні жарнамалау мен насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуімен сатушылардың жұмыс әдістері өзгерді. Қоғамдық орындарда есірткі тарататын сайттардың жарнамалары бар граффити жазулары едәуір азайды. Осыған ұқсас мазмұны бар парақшалар жоғалды деуге болады. Қазір ескі жазулар анықталып, жойылып жатыр.
Ішкі істер органдары интернет кеңістігінің мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады. Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және олардың аналогтарының таралуы туралы ақпаратты қамтитын сайттар, посттар, блогтар және жарнамалық хабарландырулар анықталды. Жыл басынан бері 875 интернет-ресурс анықталып, бұғатталды.
Бұл сайттардың басым бөлігі шетелдік домендерде тіркелген, бұл олардың жұмысының толық жолын кесуге және есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бермейді.
Тақырыптары есірткіні өндіру мен қолдануға арналған әлеуметтік желілердегі арнайы форумдардың мониторингіне ерекше назар аударылады. Олар өндіріс, өсіру және т. б. әдістері туралы қарқынды ақпарат алмасады.
Анықталған сайттар республика аумағында оларды бұғаттау жөнінде шешім қабылдау үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданады.
Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл және есірткіге сұранысты азайту мәселелері Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың жанында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен талқыланды. Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жетілдіру және нашақорлықтың алдын алу жөнінде егжей-тегжейлі жол картасы әзірленуде. Мұнда мемлекеттік органдарға нашақорлықтың алдын алу және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында тиімді және уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін жобалардың кең спектрі көзделген.
Парламент Сенатымен бірлесіп, біз күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы медициналық емес тұтыну, сақтау және тарату үшін жауапкершілікті көздейтін заң жобасын әзірлеуге кірістік. Бұл кейбір дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы сананың өзгеруіне әкелетіндігімен байланысты. Оларды жасөспірімдер денсаулығымен тәжірибе жасау үшін психоактивті заттар ретінде пайдалануы мүмкін. Бірінші кезекте біз синтетикалық опиоидты анальгетик, рецепт бойынша дәрі-дәрмектерге жататын, героинмен қатар тұрған трамадол туралы сөз қозғап отырмыз. Трамадол жасөспірімдер үшін нашақорлыққа «жол бастайтын нүктеге» айналуы ерекше алаңдаушылық тудырады.
Трамадолдан басқа, көңіл көтеру орындарында қолдануға болатын атропиндік препараттар мен азот оксиді – «көңіл көтеретін газ» сананы өзгерту үшін қолданылуы мүмкін.
Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін заттардың тізбесі Үкіметтің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 қаулысымен бекітілген. Оны әкелу және тарату жөніндегі бақылау функцияларын денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады.
Қолданыстағы заңнамада дәрілік немесе басқа құралдарды пайдалана отырып есеңгірету үшін притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін (ҚР ҚК 310-бабы), сондай-ақ күшті әсер ететін заттардың контрабандасы үшін (ҚР ҚК 286-бабы) қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша барлық қабылданып жатқан шаралар елдегі есірткі ахуалын бақылауға, есірткі нарығындағы өзгерістерге уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді және бұдан былай да жағдайды тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталады.
Осы жылдың 9 айында барлығы 1 929 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 1 136 өткізу фактісі және 326 аса ірі көлемде есірткіні сақтау фактісі.
7 ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді. ҰҚТ құру және оны басқару үшін 13 қылмыстық іс қозғалды. 13 есірткі зертханасы жойылды.
12 тоннадан астам түрлі есірткі, оның ішінде 4,9 келі героин, 9 тоннадан астам марихуана, 376 келі гашиш және 107 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.«Қарасора» операциясы жыл сайын маусым мен қазан аралығында, яғни қарасораның өсуі мен пісуі кезінде елдің барлық аумағында жүргізіліп келеді.
Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты - елдің оңтүстік аймақтарынан марихуана мен гашишті дайындауға және әкетуге қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ есірткіні, оның ішінде олардың жаңа түрлерін таратуға мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне жол бермеу.
«Қазақстан ғарыш сапары» акционерлік қоғамымен келісімге сәйкес Қызылорда облысын ғарыштан бақылау бойынша жұмыс жүргізілді.
Операцияны өткізу барысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру ықтимал 77 жер телімінің координаты тексерілді.Қызылорда облысында және Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының іргелес аудандарында тікұшақ техникасы тартылды, 20 ұшу-барлау кезінде марихуана «сақтаудың» 2 дерегі, 8 есірткі егісі анықталды.
Түркістан облысында - 1, Қызылорда облысында - 18 және Қарағанды облысында – 1, барлығы 20 плантация жойылды. Салмағы 8 тоннадан асатын 13 мың қарасора бұталары тәркіленіп, жойылды.
Марихуана дайындаумен айналысатын қылмыстық топтарды анықтау және патрульдеу үшін жүріп өту мүмкіндігі жоғары 18 автомашина пайдаланылды.
Тікелей Жамбыл облысында рейдтер нәтижесінде есірткіні дайындау, сақтау және өткізу бойынша 14 күдікті ұсталды, 1,8 тоннадан астам каннабистік топтағы түрлі есірткі заттары тәркіленді.
Осы жылы жедел алдын алу шаралары басталғаннан бастап 934 есірткі қылмысы, оның ішінде 454 есірткі сату, 178 есірткі сақтау, 242 есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактілері анықталды.
Заңсыз айналымнан 10,6 тонна, оның ішінде 1,3 келі героин, 7,3 тонна марихуана, 52,2 келі гашиш, 68,7 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.
- Ерлан Болатұлы, есірткі айналымы қай аймақта өршіп тұр?
Есірткіні насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін (ҚК-нің 299-1-бабы) 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал ауырлататын жағдайларда 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.