Есірткі дайындап сатқаны үшін 3 астаналық 10 жылға сотталып кетті

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 Қыркүйек 2024 2024, 13:30
АВТОР
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  -архив 20 Қыркүйек 2024 2024, 13:30
20 Қыркүйек 2024 2024, 13:30
709
Фото: -архив

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша үш адам сотқа берілді. Сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді жалға алғаны анықталды.

Осыдан кейін ол қала сыртында құны 2 млн теңге жер телімін сатып алып, аталған контейнерді психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап, орналастырған. Кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан. Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 кг астам психотроптық заттар жойылды.

Нәтижесінде сот елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі дептанып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Наверх