Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласының жергілікті тұрғыны полиция ғимаратына есірткімен келді, деп хабарланды "Мой ГОРОД" сайтында.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдерінің сөзінше, жергілікті полиция қызметінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесіне Ақтөбе қаласының тұрғыны әкімшілік материал бойынша келген.
Таяуда полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оның көлігін айып тұрағына қамаған көрінеді.
Ер азаматтың қалтасын қарау кезінде одан газетке оралған зат табылған. Оралған затта есірткіге ұқсас зат болған.
Жігіттің айтуынша, ол өзі қолдану үшін сақтаған есірткінің қалтасында жүргенін ұмытып кеткен, - деді тәртіп сақшылары.