Есілдің арнасынан аспауы үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр – СҚО

Қызылжар ауданының Бескөл және Жылыжай ауылдарында ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күшімен қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 10 Наурыз 2025 2025, 21:51
10 Наурыз 2025 2025, 21:51
586
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қызылжар ауданының Бескөл және Жылыжай ауылдарында ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күшімен қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 50 әскери қызметші мен 4 техника жұмылдырылды.

Жұмыстар аясында 1900 дана қапшықтар дайындалып, 180 метр полипропилен төсеніші салынды. Барлық іс-шаралар елдімекендерді Есіл өзенінің тасқын сулары басуынан қорғауға бағытталған. Жұмыс жалғасуда, – деп жазылған хабарламада.

Наверх