Есіктері жоқ көлікпен жүрген зайсандықтар жауапкершілікке тартылды

18 Сәуір 2024, 17:57
417
Бөлісу:
Есіктері жоқ көлікпен жүрген зайсандықтар жауапкершілікке тартылды
VIDEO
Фото: скриншот

Зайсан қаласының тұрғындары есіктері жоқ көлікпен жүрген үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, ҚР Жол жүрісі қағидаларын бұзу сәті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың бейнеролигінде түсіп, кейіннен ғаламтор желісінде кеңінен тараған. 

Зайсан қаласы көшелерінің біріндегі жастар алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлікпен жүріп, өздері үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпті жағдай туғызатын сәт камера объективіне түсіп қалған. 

20 жастағы жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы