«Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумының пленарлық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шара еліміздің Әнұранын айтудан басталды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов оның айтылуына қатысты пікір айтты.
Жаңа Әнұран айтып жатқанда қарап тұрдым. Әнұранда қолын салып тұрғандар да болды, жүрегімен айтып тұрғандар да болды. Қалғандары қалай айтып тұр екен деп қарап тұрғандар болды. Жүрекпен айту керек. Егер Әнұранға жанымызды салмасақ, оқу жүйесін басқарып отырған азаматтарға қандай тәрбие береміз?,- деді Тоғжанов.
Вице-премьер Әнұран жүрекпен айтылмаса, қалғанын студенттер түгілі жас балалар да бос әңгіме екенін сезетінін айтты.
Ешкімді алдай алмайсыз. Сондықтан болашақта сіздерден сұраймын. Талай жерде жүресіздер, әңгіме айтасыздар. Бәрін ең алдымен осыдан бастау керек деп ойлаймын,- деді Тоғжанов.