Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Рашит Ахметовтің өкілеттігі тоқтатылды.
Конституциялық нормаларға сәйкес, Есеп комитеті мүшесінің өкілеттік мерзімі 5 жыл. 2017 жылы 29 маусымда Есеп комитетінің мүшесі болып Сенаттан Ахметов Рашит Сайранұлы тағайындалған болатын, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Осы орайда Рашит Сайранұлының аталған қызметтегі өкілеттік мерзімі аяқталып отыр. Сенат регламентіне сәйкес, Бюроның шешімімен Қаржы және бюджет комитеті өзінің қорытындысын әзірледі.
Талқылаудан кейін сенаторлар Рашит Ахметовтің өкілеттігін тоқтату туралы шешімді қабылдады.
Осыған дейін Жоғарғы соттың судьясы сайланған болатын.
Есеп комитеті - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары орган.