Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Республикалық бюджеттің атқырылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті меморгандардың бюджет қаражатын жұмсау көрсеткіштерін қоғам алдында жариялап отырады.
Бүгінгі Ұлттық қоғамдық кеңестің отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетіне мемлекет ақшасын кім қалай жұмсап жатқанын халық көріп, біліп отыру керектігін айтып, ашық саясат аясында аудиторлық тексерістердің нәтижесін жариялап отыруды тапсырғанын айтты.
Мемлекеттік құрылымдардың ашықтығы мен есеп беруі – келесі мәселе. Ең алдымен, бюджеттің қаражат шығынын оңтайлы жұмсау және оның ашықтығы. Қаржылық қадағалаудың ең жоғары органы – Есеп комитеті бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану мен қаржылық бұзуларды анықтау үшін жүйелі түрде үлкен жұмыс атқарып отыр. Бірақ оның жұмысының нәтижелері жалпы қоғам үшін белгілі болған жоқ. Сондықтан Есеп комитетіне мемлекеттік органдар мен ұйымдар бойынша өздерінің аудиторлық тексерістерінің негізгі нәтижелерін келесі жылдың қаңтарынан бастап жариялап отыру туралы тапсырма бердім, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу мәселесінде асығыстыққа жол бермеу қажет екенін айтты.