Таэквондодан Тунис құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов елге оралып, ұлттық құраманы жаттықтырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Есбол Сұлтанов Париж олимпиадасында таэквондодан Тунис құрамасын дайындап, 1 алтын, 1 қола жеңіп алған еді. Отандасымыздың Тунис құрамасымен келісімшарты аяқталған. Енді ұлттық құраманы жаттықтырады.
Есбол Сұлтанов Париж Олимпиадасынан кейін берген сұхбатында еліміздегі қыз-жігіттерді жаттықтырғысы келетінін айтқан еді.
Париж Олимпиадасынан кейін біздің бапкерлерді Халықаралық таеквондо федерациясы мойындады. Париждегі жетістіктен кейін маған Африканың бірнеше елінен хабарласып, жақсы бапкерлар ұсынуымды сұрады. Бұл Қазақстан үшін жақсы жарнама болды. Жақында біздің таеквондо федерациясы Астанада төрешілер семинарын өткізді. Болашақта Қазақстан таеквондосы бүкіл әлемге танымал болады деп сенемін. Менің Тунис федерациясымен келісімшартым аяқталды, бірақ олар жаңасын ұсынып отыр. Жақында маған Қазақстан таеквондо федерациясынан хабарласып, жаңа бас бапкер қызметіне менің кандидатурамды қарастыруға ниет білдірді. Осыдан бір-екі күн бұрын федерацияда үлкен жиын өтті. Сол жиында мен өз бағдарламамды ұсынды, - деді Сұлтанов.