Есберген Оразұлы: Рақымшылық жасау – әлемдік практикада бар дүние

27 Қазан 2022, 18:54
1098
Бөлісу:
Есберген Оразұлы: Рақымшылық жасау – әлемдік практикада бар дүние

 Бүгін Сенат отырысында «Рақымшылық жасау туралы» заң мақұлданған болатын. Осы тұрғыда заң ғылымдарының докторы, профессор Есберген Оразұлы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтарға рақымшылық беру туралы заң – гуманизмнің бір белгісі. Қазір орта есеппен 1,5 мыңнан аса адам осы кешірім заңына ілінеді деуде. Ол аса ауыр, ауыр және жеңіл қылмыстарға қатысты. Жеңіл қылмыс санатында жүргендер жөнінде істі тіпті тоқтамға алады. Бұл Президенттің Қазақстан халқына жасап жатқан кешірімінің бірі. Әрине бұл шешіммен толықтай келісеміз. Бұл әлемдік практикада бар дүние, – дейді ол.

Сондай-ақ қаңтар оқиғасында көпшіліктің араңдатушылардың, арнайы қозғаушы күштердің құрбаны болғанын айтты.

Қаңтар оқиғасында көп адамдардың тікелей қылмыс жасау ниетімен алаңға шыққаны туралы айту қиын. Себебі, түрлі қозғаушы күштер болды. Сондықтан бұл мәселе обьективті, субьективті жағынан толық ескеріліп, бүгін осындай шешім қабылданды. Президент бұл заңға қол қойған күннен бастап, әрбір өңірдегі осы санаттағы азаматтар рақымшылыққа ие болады, – дейді Есберген Оразұлы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін сенат отырысында бұл заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ізгілік идеясының негізінде игі ниеттілік танытып, қаңтар оқиғаларына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленгенін айтқан.

Өзгелердің жаңалығы