Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атышулы блогер Айжан Байзақова інісі екеуі жол апатына түсіп қалғанын хабарлады.
Біз тасжолда кетіп бара жатқанда жүргізуші көлігін басқара алмай келе жатқанын байқадық. Біз оған көмектесу үшін тоқтадық. Мен сол жерде жылдам жедел жәрдемге хабарластым. Біз көлігімізден шығып, оны тоқтатпақ болдық. Ол ес-түзсіз күйінде газды барынша басып,біздің көлікке соғылды. Барлығы дін аман. Ер адам аман қалғанына қуаныштымын. Күн ыстықта денсаулығыңыз нашар болса, жолға шықпаңыздар,- деп жазды Байзақова.
Блогер көп адам оның көлігі туралы пікір қалдырып жатқанын айтты.
Менің көлігім жөнделеді. Бұл – түк емес. Демек, осылай болуы керек еді. Мен тоқтағаныма өкінбеймін. Бұлай жасамағанымда өмір бойы ұйықтай алмайтын едім, - деді ол.
Айта кетейік, Айжан Байзақова жол талғамайтын «Гелендваген» көлігімен жүреді.