Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ержан Қазанбаев 1983 жылы Алматы қаласында туған. 2006 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сонымен қатар коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2010-2012 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы м. а., сарапшы.
2012-2013 жж. — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының басшысы.
2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің Мемлекет міндеттемелері басқармасының саясат басқармасының басшысы.
2013-2016 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы.
2016-2019 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры. 2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Асқарұлы Азамат берген өтінішіне сәйкес ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды.
Азамат Асқарұлы 1984 жылы Алматы облысында туған. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2009 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін, 2016 жылы Гонконг ғылым және технология университетін бітірген.
Түрлі жылдары «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Қазақстан темір жолы Экспресс» АҚ жұмыс істеді, Гонконг қаласындағы «KTZ Express Hong Kong» ЖШҚ басқарды. 2016-2019 жж. ҚР премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болды. 2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.