Бүгін, 26 қаңтар күні, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталады. Бұл ақпарат «Сот кабинеті» жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге белгіленген.
Бұған дейін Бабақұмаровтың өліміне қатысты істі қарау түрлі себептермен бірнеше рет кейінге шегерілген болатын.
Белгілі болғандай, іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі – «Адам өлтіру» бойынша тергелген. Істі судья Айжан Күлбаева қарайды. Ол бұған дейін бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарған.
Еске салайық, 2025 жылғы 30 қазанға қараған түні Ержан Бабақұмаров танысымен болған төбелес кезінде қаза тапқан.
Бұған дейін Бас прокурордың орынбасар Ғалымжан Қойгелдиев Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты пікір білдірген еді.
Ержан Бабақұмаров кім болды және қандай қызмет атқарды?
Туған жылы: 1969 жыл 2 наурыз
Туған жері: Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы
Білімі: 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша;
1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.
1995 жылдан - Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімін меңгерушісі, директоры.
1996 жылдың тамыз айынан - Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы.
1996 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2004 жылдың сәуір айынан - ҚР Президентінің Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.
2004 жылдың қыркүйек айынан - ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.
2006 жылдың ақпан айынан - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2007 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.
2008-2019 жылдары - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің меңгерушісі.
2019 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі.
2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
2022 жылы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ басшысы.
2022 жылы 2 қыркүйекте ОКҚ басшысы қызметінен босатылды.