Ертістің мұзы жарылды

3 Наурыз 2023, 13:48
919
Бөлісу:
Ертістің мұзы жарылды
PHOTO
Фото: автордан

Семейде өткен «Көктем 2023» республикалық оқу жаттығу жиыны аясында Ертіс өзенінің мұзы жарылды,  деп хабарлайды Семейдегі  BAQ.KZ тілшісі.

Абай облыстық Төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Сұлтан Ахметовтің айтуынша, мұз жару жұмысын жүргізу үшін 260 ойық дайындалған. 

Ал жарылғыш зат өзеннің арнасы тар тұстарына қойылды. 

Жарылғыш заттың салмағы 520 келі. Мұндай жұмыс жақын күндері Бородулиха мен Бесқарағай аудандарында да жүргізіледі. Тасқын қаупі төнсе Семей қаласында 30 эвакуациялық пункт ашуға дайынбыз,-  дейді ол.

Оқу жаттығу жиыны қаланың бес аумағында өткізілді. Бейбітшілік аралында жағалауды нығайту жұмысы жүргізілді. Шаһардағы шағын көпірлер мен бұлақтардың аумағы да тазартылды. Семей әкімдігінің мәліметінше, қыс басталғалы бері қала аумағынан 380 мың шаршы метр қар шығарылған. 

Ертістің мұзы жарылды

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков өңірде күрт жылынып кеткендіктен мұз жару жылдағыдан ерте басталғанын айтады. 

Қазір өзендегі мұздың қалыңдығы 70-80 сантиметр. Бір-екі күннен кейін Үлбі өзеніндегі мұзды жарамыз. Шүлбі су электр станциясын да бақылауда ұстап отырмыз. Су деңгейін төмендету шараларын бастап та кеттік. Облыста 1300 су өткізгіш жүйе мен 130 көпір бар. Барлығы тазаланды,- дейді ол. 

Жалпы, Абай облысында 38 елді мекенді су басу қаупі бар. Осыған орай 27 мың қап құм мен 2 жарым мың тонна инертті материал әзірленген.

Семей қаласы әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың сөзіне сенсек, шаһарда 15 қауіпті участок бар. Су басудың алдын алу үшін 50 техника қар шығарумен айналысуда.   

Өзгелердің жаңалығы