Ертістен өтетін ескі көпір көлік-логистика саласын дамытуға мүмкіндік бермей отыр – Тоқаев

5 Қазан 2022, 16:11
1184
Бөлісу:
Ертістен өтетін ескі көпір көлік-логистика саласын дамытуға мүмкіндік бермей отыр – Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодардың орасан зор транзиттік әлеуеті бар. Бірақ, Ертістен өтетін ескі көпір көлік-логистика саласын дамытуға мүмкіндік бермей отыр. Оның апатты жағдайда тұрғанына біраз жыл болды. Көпір арқылы жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. Бұған дейін облыс орталығын айналып өтуге жол ашатын жаңа көпір салу жоспарланған. Үкіметке келесі жылы осы жобаны бастауды тапсырамын. Жолды күтіп ұстауға баса назар аудару қажет, - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру керектігін айтты.

Павлодар облысының экономикасын дамытуға өзге өңірлермен әуе қатынасын орнату айрықша ықпал ететіні анық. Қазір облыс орталығынан Астананың өзіне тікелей ұшақ ұшпайды. Үкімет жыл соңына дейін «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруі керек. Сондай-ақ жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтаған жөн, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы