Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысында айтты.
2020 жылдан бастап «Бурабай» ұлттық паркі аумағында өртті ерте анықтаудың, орман алқабының жай-күйін бақылаудың және автоматтандырудың кешенді жүйесі орнатылғанын атап өткім келеді, ол өрт жиі болатын ауданда оны азайтуға мүмкіндік берді, - деді Брекешев.
Ол атағандай, қазіргі уақытта біз осы бағдарламаның әзірлеушілерімен бірлесіп, Қазақстан жолақты ормандарында Ертіс орманы және Семей орманында осы жүйені орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қаржыландыру халықаралық донорлардың қаражаты есебінен ұсынылады. Облыс әкімдіктеріне материалдық-техникалық базаны күшейтуді, орман өртімен күресу үшін жаңа технологияларды енгізуді, дала өртімен күрес жөніндегі іс-шараларды орындау үшін аудандар мен ауылдық округтер әкімдіктерінің ерікті өрт сөндіру құрамдарының штаттарын нығайту жөніндегі шаралар қабылдауды сұраймыз, - деді ол.