«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндіру жалғасуда

16 Шілде 2023, 02:39
838
Бөлісу:
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндіру жалғасуда
Фото: ҚР ТЖМ

Павлодар облысы Шарбақты ауданында, «Ертіс орманы» резерватында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала болжам бойынша, жалын шарпыған аумақ – 400 гектар. Төтенше жағдайлар департаменті және орман шаруашылығы қызметкерлері бірігіп, тілсіз жауды сөндіруге сағат 14:55-те кіріскен. Бастапқыда жалын Сүгір ауылына дейін жетеді деген қауіп болды.

Бірақ қазір елді мекендерге төніп тұрған қатер жоқ, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграм арнасы.

Өрт сөндірушілердің жұмысын ыстық, құрғақ ауа райы және қатты жел қиындатқан. Жағдайды бақылау үшін оқиға орнына облыс әкімі Асаин Байханов барды.

«Ертіс орманы» резерватында өртті сөндіруге 4 тікұшақ жұмылдырылды.

Қазіргі кезде бізде 3 аймақтан ол жақтан жеке құрам мен техника жұмылдырылды. Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Астана. Жалпы алғанда бізде ол жақта 146 жеке құрам және 48 арнайы техника. Сонымен бірге өртті тізгіндеу үшін ол жердегі мемлекеттік органдар жұмылдырылып, қазіргі кезде жұмыс жүргізіліп жатыр, - дейді ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы кезекші бөлімінің бастығы Эльдор Райымбеков.

Өзгелердің жаңалығы