Ертіс өңірінің ежелгі тұрғындары малшылар болған – археолог

22 Маусым 2021, 20:16
4869
Бөлісу:
Ертіс өңірінің ежелгі тұрғындары малшылар болған – археолог
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің ғалымдары 6,5 мың жылдық тарихы бар қорымдар кешенін зерттеуді жалғастыруда. Неолит дәуіріне тиесілі ескерткіштер тобы орналасқан жердегі қазба жұмыстары 10 жыл бойы жүргізілуде.

Археологтар бастаған эспедиция қазба жұмыстарын бірнеше апта бойы жүргізіп келеді. Бүгінгі күнге дейін студенттер мен ғалымдар алты аумақтың топырақ қабаттарын қазып, құнды артефактілерді көтеріп үлгерді. Табылған жәдігерлердің басым бөлігі - тұрмыстағы еңбек құралдары мен қыш ыдыстардың қалдықтары.

Ертіс өңірінің ежелгі тұрғындары малшылар болған – археолог

Бөрлі көлінің жанындағы қазба жұмыстарын Торайғыров университетінің жанындағы Әлкей Марғұлан атындағы ғылыми-зерттеу орталығының мамандары жүргізуде. Археологтардың пайымдауынша, ежелгі мекенде алғашқы малшылар тіршілік етуі мүмкін. Бұл пайымды қоныстың орнынан табылған ірі қара мал мен жылқының сүйектері айғақтауы мүмкін.

Ескерткіш 2018 жылы табылды. Бұл - Аққулы ауданының Бөрлі көлі. Жергілікті тұрғындардың бірі қыш ыдыстар мен сүйек қалдықтарын көрсетті. Ойланбастан осы жерге келді. Ежелгі мекен жайлы жерде орналасқан. Жанында су көзі, тұзды көл мен орман бар. Осы көлдің жағасында еңбек құралдары, тастан жасалған тастар мен адам сүйектері жатты. Сол сәтте бұл облыс аумағындағы Шідерті-3 ескерткішінен кейінгі бірегей қорым екенін түсіндім, - дейді экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Мерц.

Ертіс өңірінің ежелгі тұрғындары малшылар болған – археолог

Мамандардың айтуынша, Бөрлі көлінің маңында бірнеше ескерткіш бар. Олардың бірі су айдына жақын орналасқандықтан, жыл сайын шайылып кету үстінде. Бірегей ескірткіштің бұзылуына жол бермеу үшін ғалымдар жыл сайын 60 шаршы метрлік аумақты қорғап, құнды жәдігерлерді сақтап қалуда. Көл жағасы жыл сайын бекітіледі.

Виктор Мерцтің пайымдауынша, Ертіс өңірінде неолит дәуірінде алғашқы малшылар өмір сүрген. Жабайы жануарларды қолға үйретіп, тіршілік еткен деген болжам бар. Бұл ақпарат әзірге дәлелденбеген, бірақ, айғақтайтын жәдігерлер жетерлік.

Ертіс өңірінің ежелгі тұрғындары малшылар болған – археолог

Бұл жерден жылқы мен ірі қара малдың сүйектері табылды. Олар қолға үйретілген жануарлар болуы мүмкін. Жануарлар генетикалық тұрғыдан өзгермеген. Алайда төрт аяқтылардың сүйектерінің бір жерде шоғырлануы - аңшылардың мекені үшін ғажап дүние. Сондықтан бұл стационарлы қоныс болды деуге негіз бар. Экспедиция барысында материал жиналады, әр жәдігер белгіленеді. Кейін зертханалық жұмыстар басталады. Мәселен, ежелгі адамдардың ет немесе мал сүтімен қоректенгенін дәлелдеу үшін қыш ыдыстардың сынамаларын аламыз. Оларды Ұлыбританиядағы зертханаға жібердік. Липидтік сараптама жүргізіледі. Қыш ыдыс ішінде сүт немесе ет қалдықтары табылса, ежелгі адамның малды үйреткені анықталады, - дейді Виктор Мерц.

Ғалымның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның ежелгі тұрғындарын зерттеу бойынша генетикалық сараптама дамуда. Арнайы зертханалар мен инновациялық технологияларды меңгерген мамандар бар. 

Ертіс өңірінің ежелгі тұрғындары малшылар болған – археолог

Айта кетейік, бұл жердегі қыш ыдыстар Батыс Сібір өңірлерінен табылған жәдігерлерге ұқсас. Алтай жерінде де осы тектес қыш анықталған. Яғни, боборыкин мәдениетінен айырмашылығы аз.

Зерттеу нәтижелері бірнеше ай ішінде белгілі болмақ.


Өзгелердің жаңалығы