Ертіс өңірінде қант арзандайды

17 Тамыз 2022, 20:07
1282
Бөлісу:
Ертіс өңірінде қант арзандайды

Павлодар облысында қант бағасы арзандайды деген болжам бар, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Мамандардың айтуынша, көрші Ресей қант тасымалына қойлыған шектеуді алып тастаса, жағдай түзеледі. Облыстық кәсіпкерлік басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, аймақта қант төңірегінде тапшылық жоқ. Бүгінде тұрақтандыру қорында мың тоннадан астам өнім сақтаулы. Әлеуметтік шекердің бір келісі 478 теңдеден босатылса, дүкендердегі бағасы 526 теңгеден аспауы тиіс.

Ресей өнім экспортына рұқсат берген соң, баға өзгереді. Бүгінгі күнге дейін көрші ел кәсіпкерлерімен байланыста болдық. Олар қанттың бір келісін 390 теңгеден ұсынуда. Жалпы, нарықтағы жағдай тұрақталып келеді, - дейді Павлодар қалалық сауда саясаты бөлімінің басшысы Кәрімжан Қайсарин.

Көтерме сауда нүктелерінде тәтті өнімнің бір келісі 570 теңгеге төмендеген. Ал көрші елден өнім тасымалы реттелген соң баға арзандайды. 

Айта кетейік, өңірде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күнге дейін бағаны негізсіз көтеріп жіберген төрт сауда нүктесінің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта әлеуметтік дүкендер желісінде сатылатын азық-түлік қоры жасақталған. Тұрақтандыру қорында 1,3 млрд теңгенің өнімі бар. 

Өзгелердің жаңалығы