Ертіс өңірінде 9 блок бекет жұмыс істеп тұр

2 Сәуір 2020, 14:04
1337
Бөлісу:
Ертіс өңірінде 9 блок бекет жұмыс істеп тұр
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар облысы. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде тоғыз блокбекет жұмыс істеп жатыр. Енгізілген шектеу шараларынан соң көші-қон ағыны күрт азайған.

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, шектеу шарасы енгізілгеннен бері, яғни бір тәулікте небары 500-ге жуық көлік құралы жүріп өткен. Олардың 118-сі жеңіл машина, ал 457-сі - жүк көліктері. Құжаттары түгел болмаған 15 жүргізуші кері қайтарылған.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін облыс аумағына келіп-кететін жолаушылар легі 11 мың адамда құраса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 500-ге төмендеп кеткен.

Әр блокбекетте тәртіп сақшылары мен эпидемиологиялық қызмет мамандары тиісті шараларды қолға алған. Сонымен қатар, әр жолаушының дене температурасы тексеріледі. Бек блобекет Ресеймен шектесетін аумақтарда, ал төртеуі өзге облыстармен көрші елді мекендердің маңында орналасқан.

акма.jpg

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, бүгінді қауіпсіздік шараларына 1000-нан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылған. Олардың барлығы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.

Тәртіп сақшылары Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларының қоғамдық орындарында түсіндіру және бақыла ужұмыстарын жүргізеді. Шаһарлардың барлығы квадраттарға бөлінген, әрқайсысында мамандар кзеекшілік атқарады. Мәселен, Павлодар 64 бөліктен құралған. Барлық саябақтар, скверлер, демалыс орындары қамтылған. Тұрғындарға түнгі сағат 22.00-ден кейін үйден шықпауларын сұраймыз. Мамандардың қауіпсіздігі де абсты назарда. Олардың барлығына бір реттік бетперделер мен антисептиктер таратылады, - дейді Жасқайрат Қайыров.

Еске салсақ, Павлодар облысында қосымша шектеу шаралары осы жылдың бірінші сәуірінде енгізілді. Жедел штаб аясында 18 мониторингтік топ құрылған.

 

Өзгелердің жаңалығы