«Ertis city» тұрғын үй кешенінде сатылмаған 200-ден астам пәтер бар

10 Қыркүйек 2019, 19:50
1524
Бөлісу:
«Ertis city» тұрғын үй кешенінде сатылмаған 200-ден астам пәтер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі «Ertis city» тұрғын үй кешенінде сатылмаған 201 пәтер бар. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясында айтылды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

«Әзірге «Ertis city» тұрғын үй кешенінде 431 пәтер сатылды. Соның ішінде 317 пәтер «7-20-25» бағдарламасы бойынша, 114 пәтер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің түрлі бағдарламалары («Өз үйім», «Әскери баспана») және «Баспана – ХИТ» арқылы сатылды. Ал сатылмаған баспаналар саны – 201», - деді Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бауыржан Құдияров.

Ескерте кетейік, жиын барысында облыстық мәслихаттың депутаты Рыйза Молдашева «7-20-25» бағдарламасын сынға алған болатын. Ол бағдарлама халыққа емес, құрылыс компаниялары мен банктерге қолайлы екенін талдап айтып берді. Айтуынша, пәтер алғандар баспана бағасын екі есе артық төлейді. Ал «алаяқтардың» арбауына түспеу үшін, бағдарламаның іске асырылу механизмін қайта қарау керек.

Өзгелердің жаңалығы