Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Ертіс ауданында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Аталмыш шара аудан жастары үшін дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі жәрмеңкені Жастар бастамаларын дамыту орталығының әдіскерлері мен халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесіп өткізді. Жәрмеңке барысында жұмыссыз жастарға 50-ден астам бос жұмыс орындар ұсынылды, - делінген баспасөз хабарламасында.
Яғни, "Инмарт"дүкені, "Аңсар" кафесі, "Темирбаев" ЖК, Монолит, "Абай" ЖШС, "Уразбаев" ШҚ жастарды жұмыспен қамтуға дайын. Жиында жұмыс іздеген жастарды қолдау шаралары туралы кеңестер беріліп, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалармен таныстырылды.
Жастарды қолдайтын бағдарламалар қатарында "Бірінші жұмыс орны", "Жастар тәжірбиесі", "Бастау-бизнес" және "Гранттар" бағдарламасы бар. Ертістік жастар бұл бағдарламаларға да асқан қызығушылық танытты, - делінген хабарламада.