Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында этномәдени бірлестіктердің ардагерлері қарағай көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Экологиялық шараға ауыл жастары белсене қатысты. Енді әрбір этномәдени орталықтың өз атаулы ағаштары бар.
Ертіс ауданының тұрғындары барлық қазақстандықтар сияқты үлкен тату отбасы болып өмір сүреді. Барлық мерекелер бірге тойланады және халықтардың дәстүрлерін терең құрметтейді. Керемет мереке қарсаңында жаңа саябақ отырғызғанымызға қуаныштымыз. Өйткені бұл – патриоттықтың символы. Жастардың бізді қолдап, тәжірибе жинайтыны қуантады, – дейді Еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Тимофей Евтушенко.
Ауданда туған өлкенің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген 30-дан астам ұлт өкілі тұрады. Тоғыз ұлттық мәдени орталығы мәдениеті мен әдет-ғұрпын сақтайды.