Ертең Президент Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады

20 Тамыз 2021, 18:49
11667
Бөлісу:
Ертең Президент Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Ертең, 21 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Президент Владимир Путинмен кездесу жоспарланған.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. 

Екі ел басшылары Еуразия кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасады. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланады.
Өзгелердің жаңалығы