Ертең телеарналар мен радиолар жұмыс істемейді

Ертең, 24 қаңтарда елімізде телерадио кешендері жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 Қаңтар 2024, 21:51
АВТОР
 pixabay.com 23 Қаңтар 2024, 21:51
23 Қаңтар 2024, 21:51
1042
Фото: pixabay.com

Ертең, 24 қаңтарда елімізде телерадио кешендері жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазтелерадио» АҚ мәліметінше, телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету үшін компания тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервисті тоқтатып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Осыған байланысты ертең, 24 қаңтарда түнгі сағат 3:00 мен кешкі сағат 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабары таратылмайды. Уақытша қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз, – деп жазылған «Қазтелерадио» АҚ таратқан хабарламада.

Наверх