Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 17 ақпан күні сағат 20:30-да «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі.
Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді.