Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды. Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды.
Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған, - делінген жазбада.