Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Нұр-Сұлтанда қалың қар жауып, боран соғады, деді синоптиктер.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде қалың қар жауады, боран соғады. Жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында түнде қалың қар жауады. Кей жерде тұман түсіп, боран соғады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, - делінген хабарламада.
Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.
29-30 қарашада Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, кей жерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Таразда 29-30 қарашада тұман түседі.
Қызылорда және Қостанай облыстарында 29 қарашада тұман түседі. Павлодар облысының кей жерінде қалың қар жауады. Кей жерде тұман, бұрқасын болады.