Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ертең елдің бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды

10 Қазан 2025, 22:50
659
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Ертең, 11 қазан күні елдің бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың болжамынша, Қазақстанның 14 облысында қар, жаңбыр, тұман, аяз және қатты жел күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Бірқатар аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталуда.

Алматы және Жамбыл облыстарында түнде 1-3 градус аяз болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, көктайғақ түсуі ықтимал.

Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында да желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Синоптиктер азаматтарға ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда сақ болуға, ал шаруашылықтарға өрт қауіпсіздігін күшейтуге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы