Ертең Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

22 Қаңтар 2023, 13:23
2127
Бөлісу:
Ертең Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Ертең елордада «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде тұңғыш рет Astana Meeting World indoor tour Silver халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл алғаш рет өткізілетін байрақты бәсекеде Қазақстан, АҚШ, Португалия, Бразилия, Хорватия, Словения, Кения, Эфиопия, Ұлыбритания, Куба, Венгрия, Барбадос, Өзбекстаннан 100-ге жуық спортшы бақ сынайды.

Жарыс бағдарламасының әр түрінің жүлде қоры - 4 000 АҚШ доллары. 

Бағдарламаға жеңіл атлетикалық жарыстардың 10 түрі енгізілген.

Ертең Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Astana Meeting World indoor tour Silver халықаралық турнирінің директоры Асхат Сейсембек бұл турнир 2026 жылдан бері өткізіліп келе жатқан сайыс екенін айтты.

Осы маусымда 17 жарыс өтеді. Ол қаңтардың 20-сынан наурыздың 11-не дейін жалғасады. Сайыстар Қазақстанда, Францияда, Германияда, АҚШ-та, Словакияда, Чехияда және Сербияда өтеді. Елордада өтетін жарысқа 16 елден келген 92 спортшы қатысады, - деп айтты ол.

Ертең Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Асхат Сейсембек Astana Meeting World indoor tour Silver халықаралық турнирі 10-12 ақпан аралығында өтетін Х Азия чемпионатына дайындық ретінде ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.

Азия чемпионатына жоспарларымыз бар. Кем дегенде 3 алтын алуға үміт артып отырмыз, - деп толықтырды ол өз сөзін.

Жарысқа қатысатын бірнеше спортшы баспасөз конференциясына қатысты. 

Ертең Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Олар: 400 метрге жүгіретін қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин, жеңіл атлеттер Ольга Сафронова және Аделина Ахметова, сонымен қатар жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Майкл Роджерс (АҚШ) және т.б.

Ертең Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Қазақстандық спортшылар ертеңгі сайысты жоғары нәтиже көрсетуге тырысатындарын айтты.

Ал шетелдік спортшылар жарысқа қатысуға мүмкіндік алғандарына дән риза екендерін жеткізді.

Ертең Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

ЕРЛЕР:

- 60 м жүгіру;

- кедергілермен 60 м жүгіру;

- 800 м жүгіру;

- 400 м жүгіру;

- 3 000 м жүгіру.

ӘЙЕЛДЕР:

- 60 м жүгіру;

- 400 м жүгіру;

- 1500 м жүгіру;

- ұзындыққа секіру;

- биіктікке секіру.

Ертең Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Бұл жарыс отандық жеңіл атлетиканың халықаралық деңгейдегі беделін және спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Astana meeting еліміздің және Азия өңірінің жеңіл атлетикасындағы ең беделді жарыстардың біріне айналады.

Өзгелердің жаңалығы